Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық әлем чемпионы азаматтық ауыстырудан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
23.08.2025, 11:34

Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов мансабындағы маңызды шешімін айтты. 

sportiline.kz
Реклама
Реклама

Венгриядан келген ұсыныс

Бекзат Нұрдәулетов YouTube-тағы "Aqyrys Seitqazy" арнасына берген сұхбатында өзіне шетелдік ұсыныс түскенін айтты.

"Олар маған Спартакиададан кейін лицензиялық турнир алдында хабарласты. Венгрияға шақырды. Бір емес, бірнеше адам байланысқа шықты. Телефон соғып, жақсы жағдайлар ұсынды. Белгілі бір қаражат беруге уәде етті. Тіпті Олимпиада чемпионы атансам, ең қолайлы жағдай жасаймыз деді. Бірақ мен Олимпиаданы елестеткенде тек көгілдір туымызды көремін. Басқа елдің туы астындағы медаль маған маңызды емес. Сол сәтте-ақ мотивация болмайтынын түсініп, бас тарттым", – деді боксшы.

Сонымен қатар ол Венгрияның ұсынған сомасы Қазақстандағыдан көп болғанын, алайда ұлттық намыс пен өз елінің туын жоғары қойғанын жеткізді.

Жетістіктері

Бекзат Нұрдәулетов – Қазақстан боксының ең жарқын есімдерінің бірі:

  • 2019 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы;
  • 2024 жылы Таиландта Азия чемпионы атанды;
  • 2025 жылы Астанада ұйымдастырылған World Boxing Кубогында 85 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде иегері.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары