Жылдың ең қатыгез нокауты тіркелді (ВИДЕО)
Орландода өткен бокс кешінде жылдың ең әсерлі нокауттарының бірі тіркелді.
Басты жекпе-жек: Ривера-Писарро – Бэйли
АҚШ-тың Орландо қаласында өткен Most Valuable Prospects 14 шоуының басты оқиғасында пуэрторикалық жеңіл салмақтағы (57,2 кг дейін) үміткер Жан Пол Ривера-Писарро (13-0, 7 KO) америкалық Дэниел Бэйлиді (15-3, 8 KO) жаншып тастады.
Бірінші раундта-ақ Ривера қарсыласын нокдаунға жіберді.
Алайда америкалық боксшы қорғанысқа сүйеніп, шолдер-ролл тәсілімен қарсылық көрсетуге тырысты.
Ривера қарқынын бәсеңдетпей, алты раунд бойы қысым жасап, ТКО арқылы 6-раундта жекпе-жекті аяқтады.
Бұл жеңіс пуэрторикалық боксшының 13-ші қатарынан жеңісі болды.
OMG WHAT A FINISH!!😱
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) August 23, 2025
Jan Paul Rivera STOPS Daniel Bailey in round 6!#Prospects14 | Live NOW on DAZN pic.twitter.com/b8D7r4myvK
Шоу ашқан бруталды соққы
Кештің ашылуында да нағыз нокаут шоу болды. Супержеңіл салмақта (63,5 кг дейін) бразилиялық Педро Да Силва Консейсау (5-0, 3 KO) кубалық тәжірибелі боксшы Рэнни Виамонтені (4-3-1, 2 KO) екінші раундта-ақ есінен тандырды.
Консейсау қарсыласына ауыр соққы дарытып, жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.
Сарапшылардың дені бұл сәтті жылдың ең қатыгез нокауты деп бағалап отыр.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.