
Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов мансабындағы маңызды шешімін айтты.
Бекзат Нұрдәулетов YouTube-тағы "Aqyrys Seitqazy" арнасына берген сұхбатында өзіне шетелдік ұсыныс түскенін айтты.
"Олар маған Спартакиададан кейін лицензиялық турнир алдында хабарласты. Венгрияға шақырды. Бір емес, бірнеше адам байланысқа шықты. Телефон соғып, жақсы жағдайлар ұсынды. Белгілі бір қаражат беруге уәде етті. Тіпті Олимпиада чемпионы атансам, ең қолайлы жағдай жасаймыз деді. Бірақ мен Олимпиаданы елестеткенде тек көгілдір туымызды көремін. Басқа елдің туы астындағы медаль маған маңызды емес. Сол сәтте-ақ мотивация болмайтынын түсініп, бас тарттым", – деді боксшы.
Сонымен қатар ол Венгрияның ұсынған сомасы Қазақстандағыдан көп болғанын, алайда ұлттық намыс пен өз елінің туын жоғары қойғанын жеткізді.
Бекзат Нұрдәулетов – Қазақстан боксының ең жарқын есімдерінің бірі: