
Орта салмақтағы Ұлыбритания чемпионы, бұрынғы әлемдік титулға үміткер Дензел Бентли қазақстандық әлем чемпионы, WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлын әжуалады
Жәнібек әлеуметтік желідегі (Х) парақшасында WBC чемпионы Карлос Адамеске шүйліге отырып:
“Өмірімде талай адамды көрдім, бірақ чемпиондық белбеуі бар қорқақ боксшыны бірінші рет кездестіріп отырмын!” – деп жазған еді.
Бұл сөзге Бентли қысқа да нұсқа жауап қатты:
“Шынымды айтсам, мен де сондайды көрдім”, – деп, қазақстандық боксшыны меңзеген.
Айта кетсек, бұған дейін британиялық боксшы Жәнібекті өзімен реванш жекпе-жегінен қашып жүр деп айыптаған.
Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли алғаш рет 2022 жылы рингте кездескен. Ол кезде қазақстандық боксшы WBO титулы үшін өткен жекпе-жекте қазылар шешімімен жеңіске жеткен.