Махмұд Сабырхан медаль үшін айқаста нокдаунға ұшырады
10.09.2025, 18:37
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті.
Instagram/@boxingkazakhstan
Ширек финалдағы шешуші айқас
55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Сабырханның қарсыласы жапондық Руи Ямагучи болды. Кездесу барысында қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раундта өзі де сол жағдайға түсті.
Соған қарамастан Махмұд айқасты сенімді аяқтап, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Кемінде қола медаль
Бұл жеңіс Сабырханға турнирдің жартылай финалына жолдама сыйлап, кем дегенде қола медаль қамтамасыз етті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама