Назым Қызайбай ӘЧ финалы үшін Өзбекстанды ойсырата ұтты
13.09.2025, 16:30
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында (World Boxing) Назым Қызайбай жартылай финалдық кездесуін сәтті аяқтады.
Instagram/@boxingkazakhstan
Жартылай финалдағы айқын жеңіс
48 келі салмақ дәрежесінде өткен бәсекеде Қызайбай Өзбекстаннан келген Сабина Бобокулованы айқын басымдықпен ұтып шықты. Қазылар алқасы жекпе-жекті 4:1 есебімен қазақ қызының пайдасына шешті.
Финалға жол және тарихи маңызы
Осылайша Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін шешуші айқаста бақ сынайды. Ал Бобокулова турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, Ливерпульде ұйымдастырылып отырған бұл дода – World Boxing ұйымы тарихындағы тұңғыш «ересектер арасындағы» әлем чемпионаты. Сондықтан Назымның финалдағы өнері қазақ боксының жаңа тарихындағы ерекше оқиға болмақ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама