Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Әлем чемпиондары Руслан Берденовке алғыс білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:00

Ливерпульдегі әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген қазақстандық боксшылар Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке алғыс айтты.

instagram/@oralbay_aibek
Реклама
Реклама

Айбек Оралбайдың жүрекжарды сөзі

Жеңімпаздардың бірі Айбек Оралбай арнайы бейнеқұттықтауында өз ризашылығын жеткізді:

«Ассалаумағалейкум, Руслан аға! Жеңіс құтты болсын! Бұл – барша Қазақстанның жеңісі. Сіздің еңбегіңіз зор, әрдайым қолдау көрсетіп келесіз. Денсаулығыңызды түзеп алыңыз, кейін қайтадан бірге жаттығамыз. Сізсіз спаррингтеріміздің сәні келмей тұр. Шымкенттің бокс мектебі әрқашан ерекше. Бекзат Саттарханов салған жолды біз жалғастырып келеміз», – деді спортшы.

Махмұд Сабырхан да үн қосты

Әріптесінің сөзін жалғаған Махмұд Сабырхан да Берденовке шын жүректен алғыс айтып, сәттілік тіледі.

Руслан Берденов. ФОТО: aqmeshit-aptalygy.kz

Өз кезегінде Руслан Берденов жас чемпиондардың ыстық ықыласына әлеуметтік желіде жауап берді:

«Еліміздің қайсар алтын жігіттері! Мен де спаррингтерді сағындым. Қазақ боксының, оның ішінде Шымкент мектебінің әлемге көрсететіні әлі алда», – деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары