Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Тулкин Киличев: «Өзбекстан құрамасы кез келген команданы 9:1 есебімен жеңеді!»

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:40

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясындағы алғашқы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шығып, 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Ерлер құрамасы 4 алтын иеленіп, екінші нәтиже көрсетті. Ал ерлер арасындағы бірінші орын 6 алтын және 1 күміспен Өзбекстан құрамасына бұйырды.

Тулкин Киличев: «Өзбекстан құрамасы кез келген команданы 9:1 есебімен жеңеді!»
Instagram/@boxinguzbekistan_official

Бас бапкердің бағасы

Өзбекстан ерлер құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Sports.kz тілшісіне берген сұхбатында жарысқа қорытынды жасап, өз командасының өнерін жоғары бағалады:

«Жалпы, нәтиже көңілден шықты. Егер он балдық жүйемен бағаласақ — жетілік. Барлық салмақта жеңіске жетсек қана толық ондық болар еді. 6 алтын, 1 күміс — біздің тарихтағы ең үлкен жетістік».

Киличев шәкірттерінің барлығы күшін аямағанын айтты. Дегенмен кейбір салмақтарда нәтиже өзгеше болуы мүмкін еді. 50 кг салмақтағы Шодияржон Меликузиев мүмкіндігін толық аша алмады. Шавкатжон Болтаев пен Жахонгир Зокиров барын салса да, қарсыластарына жол берді.

Қазақстанмен қарым-қатынас

Бапкердің айтуынша, ерлер құрамасы Қазақстаннан тек шешуші жекпе-жекте жеңілді:

«Қазір бізде Өзбекстан тарихындағы ең мықты жас команда бар. Егер біздің құраманы кез келген командаға қарсы „стенка на стенку“ қойса — есеп, кемінде, 8:2 немесе 9:1 болар еді. Тек ауыр салмақта жеңіліс таптық. Сондықтан физикалық дайындыққа көбірек көңіл бөлуіміз қажет».

Жахонгир Зокиров финалда қазақстандық Айбек Оралбайдан жеңілген болатын. Бұл кездесуді Киличев былай бағалады:

«Бұл жеңіліс көңілге қаяу салды, бірақ трагедия емес. Айбек тәжірибесі мол, жасы да үлкен. Ол шешуші сәтте қалай әрекет етуді жақсы біледі. Жахонгир әлі жас, алдағы уақытта шыңдалады. Айбекті жеңісімен құттықтадым».

Турнир мен төрешілерге көзқарас

Өзбекстандық маман төрешілердің жұмысына да тоқталды:

«Әр турнирде төрешілерге қатысты түрлі пікірлер айтылады. Кей сәтте біз де риза болмадық, кейде басқа елдің өкілдері. Бұл — бокстың заңдылығы. Жалпы, төрешілік қалыпты деңгейде өтті».

Киличев IBA аясындағы әлем чемпионатына қатысу жайында нақты жауап бере алмады:

«Бұл шешімді біз қабылдамаймыз. Басшылық рұқсат етсе, әрине, қатысамыз. Мұндай мәселелер жаттықтырушыларға емес, федерацияға байланысты».

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір