Өзбек файтерінің сұмдық нокауты 4,5 миллион қаралым жинады

Жекпе-жек шолушысы

Өзбекстандық ММА жауынгері Шохасан Мирзаматовтың (15-4) OCTAGON 47 турниріндегі соққысы YouTube-та рекордтық көрсеткішке жетті.

Өзбек файтерінің сұмдық нокауты 4,5 миллион қаралым жинады
uznews.uz

Жойқын нокаут қалай жасалды?

Жекпе-жек 2023 жылдың шілдесінде Иран өкілі Акбар Азади-Фараға қарсы өтті. Бірінші раундта Мирзаматов қапысыз хай-кик соққысын дарытып, қарсыласын нокаутқа жіберді. Әсерлі сәттен кейін жанкүйерлер оны «хайлайт-машина» деп атай бастады.

Келесі OCTAGON турнирі

Алдағы 21 қыркүйекте Ташкентте OCTAGON 79 турнирі өтеді. Басты жекпе-жектегі жеңіл салмақта қазақстандық Саят «Аватар» Әбдуәли (8-0) өзбек файтері Амирхон Алихуджаевпен (12-5, «Қоқан арыстаны») чемпиондық белдік үшін жұдырықтасады.

Ко-мейн ивентте тәжірибелі тәжік спортшысы Фазлиддин Мадрахимов (14-6-1) өзбекстандық Мавлонбек Миркомиловпен (8-3-1) күш сынасады.