Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновтың экс-қарсыласы UFC-де сенсациялық жеңіске жетті

Сарапшы, спорт журналисі
28.09.2025, 11:22

Австралияның Перт қаласындағы RAC Arena алаңында өткен UFC Fight Night 260 турнирінің басты кардында америкалық Нил Мэгни (30-12) мен жергілікті файтер Джейк Мэттьюс (22-7) кездесіп, жанкүйерлер үшін күтпеген нәтиже тіркелді.

ca.sports.yahoo.com

Камбэк пен тұншықтыру әдісі

Жартылай орта салмақтағы айқас үш раундқа жоспарланған еді. Алғашқы кезеңдерде Мэттьюс айқын басымдық көрсетіп, төрешілердің карточкасында алда келе жатқан. Алайда үшінші раундта 38 жастағы Мэгни сенсациялық камбэк жасап, қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.

Бұл Нил Мэгни үшін карьерасындағы 31-ші жеңіс болды. Ал Мэттьюс ММА-дағы 8-ші жеңілісіне тап болды.

Рахмоновпен байланыс

Айта кетейік, осы дивизионда қазақстандық Шавкат «Nomad» Рахмонов (19-0) өнер көрсетеді. 2022 жылдың маусымында ол дәл осы Нил Мэгниді тұншықтыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Реклама
Реклама