Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Бір айдағы екінші жеңіс» – Мейірбек «Мори» Төлегенов Nаiza 77 турнирінде тағы да топ жарды

Сарапшы, спорт журналисі
28.09.2025, 13:14

Қазақстандық файтер Мейірбек «Мори» Төлегенов (6-1) Өскеменде өткен Naiza 77 турнирінде қарсыласын жеңіп, кәсіби мансабындағы кезекті жеңісін тіркеді.

«Бір айдағы екінші жеңіс» – Мейірбек «Мори» Төлегенов Nаiza 77 турнирінде тағы да топ жарды
sportburo.kz

Қазақстандық файтер төрешілер шешімімен басым түсті

Төлегеновтің қарсыласы тәжірибелі тәжік спортшысы Азизхан Чоршанбиев (10-3) болды. Жекпе-жек ең жеңіл салмақта өтіп, толық үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңіс қазақстандық спортшыға берілді.

Бұл Төлегеновтің кәсіби ММА мансабындағы алтыншы жеңісі болса, Чоршанбиев үшін үшінші жеңіліс болып тіркелді.

Бір айдағы екінші жеңіс

Айта кетейік, бұл Төлегеновтің соңғы бір айдағы екінші айқасы. Ол тамыз айында да жеңіске жеткен болатын. Ол кезде қазақстандық спортшы Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған турнирде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып шыққан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір