Өзбекстан құрамасының бас бапкері қазақстандық боксты жоғары бағалады
29.09.2025, 14:00
Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев бұрынғы КСРО елдеріндегі бокс мектебінің қарқынын ерекше атап өтті.
sportarena.kz
Тулкин Киличевтің пікірі
«Қазір бізге көбірек жекпе-жек өткізу қажет. Ресейдегі әрбір айқас оңай болмайды, өйткені мұнда әлемдегі ең мықты бокс мектептерінің бірі қалыптасқан. Ресей, Қазақстан, Өзбекстан – бәрінде бокс өте жоғары деңгейде дамыған. Әр қарсыластың өзіндік мықты тұстары бар, сондықтан әр жекпе-жекке барынша жауапкершілікпен қарау қажет. Менің ойымша, Баходир жақсы дайындалып, әдемі айқас көрсетеді», – деді маман.

Айта кетейік, Киличевтің шәкірті, танымал өзбек боксшысы Баходир Джалолов 6 қазанда Санкт-Петербургте өтетін IBA Pro 10 турнирінде ресейлік Виталий Кудуховпен жұдырықтасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама