Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордпен жекпе-жек өткізе ма?

Сарапшы, спорт журналисі
29.09.2025, 11:56

Теренс Кроуфордтың жеке бапкері мәлімдеме жасады.

Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордпен жекпе-жек өткізе ма?
instagram.com/janibek_alimkhanuly

Абсолютті әлем чемпионы Теренс Кроуфордтың бапкері, америкалық маман Брайан «БоМак» Макинтайр шәкіртінің алдағы жоспарына қатысты пікір білдірді.

Маманның айтуынша, Сауль «Канело» Альваресті жеңгеннен кейін Кроуфорд тағы екі-үш жекпе-жек өткізіп, содан соң мансабын аяқтауы мүмкін. Сонымен бірге ол боксшының орта салмаққа ауысып, алтыншы дивизионда белбеу үшін күш сынасуы да мүмкін екенін жасырмады.

«Шынымды айтсам, бұл айқас оған тым жеңіл тиді. Енді тағы екі-үш жекпе-жек өткізсек деймін. Біз дайындық лагерінде бұрынғыдан да табанды еңбек етеміз», – деді бапкер.

Ал «Орта салмаққа ауысудың мәні бар ма?» деген сұраққа ол:

«Егер Теренс өзі қаласа және мұны үлкен сын деп қабылдаса – мен оған қарсы емеспін», – деп жауап берді Макинтайр Fight Hub TV-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазіргі таңда орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы иеленіп отыр. Ол бұған дейін Кроуфордқа қарсы шаршы алаңға шығуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір