Қырғызстандық файтер қарсыласын 33-секундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Жапонияның Нагоя қаласында өткен Rizin 51 турнирінде Ресей спортшысы Виктор Колесник (26-4-1) күтпеген жеңіліске ұшырады.

Қырғызстандық файтер қарсыласын 33-секундта нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
instagram/@thomi40_sports

Титулдық жекпе-жекте Колесник жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін еш жеңілмеген қырғызстандық файтер Ражабали Шайдуллаевпен (15-0) кездесті.

Бес минуттық раундтардың орнына айқас небәрі 33 секундта аяқталды. Шайдуллаевтың жойқын соққысы қарсыласын нокаутқа жіберді.

Ражабали Шайдуллаев мансабындағы 16-шы жеңісін тіркеді, әрі чемпиондық белбеуін сәтті қорғады. Ал Виктор Колесник кәсіби мансабындағы 5-ші жеңілісіне тап болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір