
Жартылай ауыр салмақтағы WBC чемпионы Дэвид Бенавидес Эр-Риядта өтетін келесі жекпе-жегіне қызу дайындық үстінде. Оның қарсыласы – мықты британиялық боксшы Энтони Ярд.
Бенавидес жаттығу кезінде әлеуметтік желіге бейнеролик жариялап, онда Геннадий Головкиннің бір кездері жанкүйерлерді таңғалдырған қол бұлшық етін дамытуға арналған ерекше жаттығуын қайталады.
Айта кетейік, әлемнің талай мықтысы дәл осы жаттығуды қайталауға тырысқанымен Головкиннің жылдамдығы мен нақтылығына ешкім жете алмаған. Бұл әдіс оның мықты соққыларының бір құпиясы саналады.
«Мен мұндайды тек бір адамнан көрдім – ол Геннадий», – деді Бенавидестің бапкері.
Мексикалық боксшы GGG-дің тәжірибесін ерекше бағалап:
«Иә, Геннадий мұны күнде жасайтын. Біз де соны қайталап жүрміз», – деп атап өтті.
Ал оның бапкері жаттығудың мәнін түсіндірді:
«Мұнда тек қолды бүгу немесе жазу емес, дұрыс қысып ұстау, мойынды қосу және қолды айналдыру маңызды. Әсіресе хук соққыларын дәл әрі күшті жасау үшін барлық қалыпта қолдардың қуатты әрі икемді болуы қажет», – деді ол.