Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақ боксшысын комаға түсірген кубалық чемпиондық белбеу үшін айқасуға жақын

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:23

Жартылай ауыр салмақта (79 кг) жаңа үлкен айқас ұйымдастырылып жатыр. The Ring Magazine дерегінше, WBO уақытша чемпионы Каллум Смит келесі жылы Дэвид Моррельге қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды.

instagram/@ringmagazine
Реклама
Реклама

Смит пен Моррельдің соңғы жекпе-жектері

Британиялық Каллум Смит ақпан айында Эр-Риядта өткен турнирде Джошуа Буасимен айқасып, төрешілер шешімімен жеңіп, WBO уақытша титулын иеленген.

Ал кубалық Дэвид Моррель бұған дейін Дэвид Бенавидестен жеңілген. Содан кейін Имам Хатаевты бөлек шешіммен ұтып, өз карьерасын қайта жандaндырған.

Қазақ жанкүйерлері үшін ауыр естелік

Моррель есімі қазақстандық көрермендерге жақсы таныс. 2022 жылы ол Айдос Ербосынұлымен кездесіп, сол жекпе-жекте қазақстандық боксшыны ауыр нокаутпен жеңген еді. 

Сол соққыдан кейін Айдос комаға түсіп, ұзақ уақыт ем қабылдады. Осы оқиғадан бері Ербосынұлы рингке қайта шыққан жоқ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары