Реклама
Реклама

Қазақстан самбода әлемді тағы да мойындатты

Сарапшы, спорт журналисі
10.11.2025, 19:00

Бішкекте самбодан ересектер арасындағы 50-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты додада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтадыь

instagram/@sambo_fias

Алты спортшымыз финалдық күнде жүлдегер атанды

Жарыстың шешуші күні ұлттық құрама сапынан алты спортшы медаль иеленді.

79 келі салмақтағы Еркебұлан Нығметов финалға дейін жетіп, аса тартысты кездесуде FIAS1 командасының өкіліне жол берді.

Ал тағы бес спортшымыз қола медальды қоржынға салды:

  • Мәдина Ержан (–80 кг, спорттық самбо)
  • Арман Тұрымбетов (–58 кг, жауынгерлік самбо)
  • Талғат Жиентаев (+98 кг, жауынгерлік самбо)
  • Жадыра Пайыз (–50 кг, жауынгерлік самбо)
  • Нұрила Асанқызы (+80 кг, жауынгерлік самбо)

Қазақстан құрамасының нәтижесі — тұрақтылық пен табандылық

Биылғы чемпионатта Қазақстан спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді.

Қорытынды кесте келесідей:

  1. FIAS1 — 21 алтын, 2 күміс, 5 қола
  2. Қазақстан — 2 алтын, 2 күміс, 8 қола
  3. Қырғызстан — 2 алтын, 1 күміс, 2 қола
  4. Моңғолия — 2 алтын, 6 қола
  5. Украина — 2 алтын, 6 қола
  6. Молдова — 1 алтын, 1 қола

Айта кетсек, былтыр Астанада өткен әлем чемпионатында да біздің құрама 2-орыннан көрінген (3 алтын, 5 күміс, 9 қола).

Келесі, 2026 жылғы самбо әлем чемпионаты Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді.

Реклама
Реклама