Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Еркебұлан Тоқтар vs. Қуат Хамитов — жекпе-жек күні жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА файтері Еркебұлан Тоқтар өзіне қарсы шыққан Қуат Хамитовке жауап ретінде жекпе-жектің күнін жариялады.

Еркебұлан Тоқтар vs. Қуат Хамитов — жекпе-жек күні жарияланды
instagram/@erkebulan_toktar

Қазақстандағы аренада тағы бір айтыс достықтан гөрі бәсекелестікке ұласып барады. Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовтың шақыртуына қатты әрі сенімді жауап қайтарды. Ол өз инстаграмында:

«Қуат Хамитов, мен сенің фанатың болғанмын, сен қазір маған шақырып жатырсың... Бокс бойынша — бетке соғамын. Жыл соңында — 29 желтоқсан. Кім ұйымдастырады — промоушн бөлек, толық аренаны толтырып, қатты жекпе-жек көрсетеміз» — деп айтты.

Тоқтар сөзінде қарсыласына деген құрметін білдіріп, бірақ рингте жеңіске жетуге бел байлағанын ашық айтты. Ол сондай-ақ өз формасының жақсы екенін, көрермендерге тартысты әрі шынайы жекпе-жек ұсынатынын айтты.

Еске салсақ, бұл жанжал 37 жастағы Қуат Хамитовтың 29 жастағы Тоқтарға шақыртуынан басталған. Екі файтер де жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығын оятып, осы жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесі қызу талқыланып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір