Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан Исламиада ойындарында сегізінші «алтын» жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
11.11.2025, 23:27

Эр-Рияд қаласындағы VI Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медаль еншіледі.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Никита Тарнакин – Исламиаданың жаңа чемпионы

Бүгін басталған каратэ жарыстарында отандасымыз Никита Тарнакин ел қоржынына сегізінші “алтынды” салды.

84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Тарнакин 1/8 финалда Камерун спортшысы Лонци Брайанды 8:0 есебімен тас-талқан етті.

Келесі кезеңде, яғни ширек финалда алжирлік Мидун Фаллехке қарсы 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финал мен шешуші айқас

Жартылай финалда Тарнакин Албания өкілі Мелос Гашимен кездесіп, 3:0 есебімен айқын басымдық танытты.

Финалда оның қарсыласы Иордания спортшысы Мохаммад Альджафари болды. Шешуші кездесуде Тарнакин қарсыласын 8:3 есебімен ұтып, алтын медаль иегері атанды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары