Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Ұйықтатып тастаймын". Эрисланди Лара Жәнібек Әлімханұлына ашық ескерту жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:28

Екі боксшының жекпе-жегі желоқсанның 6-сы өтеді. 

Vesti.kz
Реклама
Реклама

6 желтоқсанда АҚШ-тағы Сан-Антонио қаласында өтетін тарихи жекпе-жек алдында кубалық боксшы Эрисланди Лара қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін айтып, жанкүйерлердің назарын аударды.

Айта кетейік, жуырда Premier Boxing Champions (PBC) ұйымы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Жәнібек Әлімханұлы (WBO, IBF) мен Эрисланди Лараның (WBA) біріктірілген чемпиондық жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Бұл айқаста орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу — WBA, WBO және IBF тағдыры шешіледі.

PBC парақшасында Лараның нокаут сәттерінен тұратын бейнеролик жарияланып, жазбада келесі ескерту жасалды:

«Бокс — тәтті ғылым (Sweet Science), ал Эрисланди Лара осы ғылымның нағыз докторы. Бірақ оның күшін ұмытпаңыз: егер ол қарсыласын ұстаса, сол қолы оны ұйықтатып жібереді. 6 желтоқсанда бақылау жұмысы өтеді — Лара мен Жәнібек біріктірілген чемпиондық белбеулер үшін рингке шығады».

Бұл мәлімдеме жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, Лараның батылдығына таңданыс пен күмән қатар тудырды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары