Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

IBA әлде World Boxing? Ұлттық құрама боксшылары таңдау жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:33

Қазақстан әйелдер боксы құрамасының мүшелері Виктория Графеева мен Наталья Богданова екі бәсекелес ұйым — IBA мен World Boxing өткізген әлем чемпионаттарын салыстырды.

Фото: Sport+
Реклама
Реклама

IBA нұсқасы бойынша әйелдер арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионаты наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өтті. Онда Графеева күміс медаль, ал Богданова қола медаль иегері атанды. Ал қыркүйекте World Boxing ұйымы өткізген әлем біріншілігі Англияның Ливерпуль қаласында ұйымдастырылды. Бұл жолы Наталья чемпион атанса, Виктория қола жүлдені жеңіп алды.

— Біз Сербияда өткен әлем чемпионатының тақырыбына аздап тоқталдық. Айтыңызшы, екі турнирдің басты айырмашылығы неде?

"Ұйымдастыруда. IBA мен World Boxing турнирлерін ұйымдастыру деңгейі әртүрлі. Сондай-ақ қатысушылар да өзгеше", — деді Графеева.

— Қайсысы жақсырақ?

"World Boxing. Онда бәсекелестік жоғары және ұйымдастыру (деңгейі) жақсырақ, — деп мойындады Богданова.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары