Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Нокауттар, сенсациялар және тартысты жартылай финал: Қазақстандықтар әлем кубогында қалай өнер көрсетті

Сарапшы, спорт журналисі
19.11.2025, 23:17

Нью-Делидегі World Boxing ұйымының әлем кубогының жартылай финалында Қазақстан боксшылары әртүрлі нәтижелер көрсетті.

instagram/@officialworldboxing
Реклама
Реклама

Екі финал, екі медаль: Айбарұлы мен Мұрсал жарқырады

Қазақстан кемінде екі күміс медальді қамтамасыз етіп отыр. Сұлтанбек Айбарұлы мен Нұрбек Мұрсалдың финалға жолдама алды. 

Айбарұлы Оңтүстік кореялық Ким Дэ Хунды айқын басымдықпен жеңіп, қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Ал Мұрсал жартылай финалда 2021 жылғы әлем чемпионы, украиналық Юрий Захареевті жеңіп, турнирдің басты сенсациясын жасады. 

Әйелдер құрамасы: қола жүлде және өкінішті сәттер

Қазақстанның әйелдер құрамасының екі боксшысы финалдың табалдырығында тоқтады. Соған қарамастан екеуі де қола медаль місе тұтты. 

Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) жергілікті фаворит, әлем чемпионы Жасминге (Үндістан) 0:5 есебімен жол берді. Жансая Рахымберді (51 кг) тайваньдық Гуо И Сюаньға бөлінген шешіммен ұтылып, финалдан бір қадамға тоқтады. Бұл салмақта жекпе-жек өте тартысты өтті. 
Әлем кубогының шешуші кезеңі 20 қарашада өтеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары