Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Жеңісті жұлып алдым...» Жақпековты жеңген ресейлік боксшы не деді?

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 18:07

Ресейлік боксшы Джамбулат Бижамов IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында (Дубай) Ерасыл Жақпековті жеңгеннен кейін даулы эпизодтарға қатысты ойын білдірді. 

sportarena.kz
Реклама
Реклама

80 кг салмақтағы 1/8 финал қалай аяқталды?

Екі боксшының 80 келідегі 1/8 финалдық кездесуі төрешілердің бөлек шешімімен Бижамовтың пайдасына аяқталды — 4:1.

Үшінші раундта Жақпеков қарсыласын нокдаунға түсіріп, нокаутқа жақындатқан сәт болды. Төреші нокдаун санағанымен жекпе-жекті тоқтатпай, кездесу жалғаса берді.

Ал карточкаларда мынадай айырмашылық тіркелді:

  • Төрт төреші — 29:28 есебін Бижамовқа жазды;
  • Қырғызстандық төреші — 29:28 есебімен Жақпековты алға шығарды.

Бижамов не деді?

Жекпе-жектен кейін Бижамов кездесудің қиын өткенін жасырмады.

«Жекпе-жек тең болды. Қиын айқас. Бірақ үшінші раундта жеңісті жұлып алдым. Бұл — өте мықты қарсылас. Осы салмақтағы басты бәсекелесім де осы жігіт. Жалпы қазақстандық боксшылар күшті, олармен жұдырықтасу оңай емес», — деді Бижамов.

Жақпеков үшін бұл қандай турнир?

Айта кетейік, бұл әлем чемпионаты Ерасыл Жақпековтың мансабындағы алғашқы әлем біріншілігі саналады. Ол былтыр жастар арасында Азия чемпионы атанған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары