Дубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында (IBA нұсқасы) Сәкен Бибосынов жанкешті камбэк жасап, танзаниялық қарсыласын үш нокдаунға жіберді.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сәкен Бибосынов 1/8 финалда Танзания өкілі Факи Исса Факиге қарсы рингке шықты.
Жекпе-жек күтпеген әрі қиын өрбіді. Екінші раундта африкалық боксшы алғаш болып соққы дарытып, Сәкенді нокдаунға жіберді. Осы сәттен кейін қазақстандық толыққанды «оянды» деуге болады. Қарқынын күшейтіп, тактикасын өзгертті
Келесі эпизодтарда Бибосынов қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, мінезін, шыдамдылығын және техникалық артықшылығын көрсетті. Раундтар соңына қарай қазақ боксшысы жекпе-жек ырғағын толық бақылауда ұстап, айқын басымдыққа шықты.
Төрешілердің бірауызды шешімімен есеп 5:0 болып тіркелді. Сәкен Бибосынов әлем чемпионатының келесі сатысына жолдама алды.
Сәкен Бибосынов – қазақстандық бокстың бүгінгі күндегі ең танымал есімдерінің бірі. Ол:
Дубайдағы бұл әлем біріншілігі де Сәкен үшін медаль қоржыны мен жеке тарихын толықтыруға тамаша мүмкіндік болып отыр.