Реклама
Реклама

ӘЧ-2025: Дәулет Төлемісов өзбек боксшысынан жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 20:47

Осылайша, Қазақстан құрамасының үшінші боксшысы Дубайда IBA ұйымдастырған ӘЧ-2025 турнирді ерте аяқтады. 

sportarena.kz

Қазақстан құрамасы Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс федерациясы (IBA) ұйымдастырған әлем чемпионатында үшінші боксшысынан айырылды. 

86 келі салмақ дәрежесі бойынша 1/8 финалдық жекпе-жекте қазақстандық Дәулет Төлемісов өзбекстандық әлем чемпионына қарсы шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп қалды.

Кездесудің 1-раундында төреші Төлемісовке нокдаун есептеді. Екінші раундта тағы бір нокдаун тіркелді. Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдегі жолын аяқтады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының екі боксшысы жарысты ерте аяқтаған болатын:

  • Ерасыл Жақпеков (80 кг)
  • Нурмагомед Юсупов (92 кг)
Реклама
Реклама