Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ертуған Зейнуллинов жекпе-жегін нокдаунмен аяқтады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 21:48

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда өтіп жатқан IBA бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында кезекті қарсыласын еш күмән қалдырмай ұтты.

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Айқас қалай өтті?

63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген Ертуған Зейнуллинов 1/8 финалда IBA-PRO жүйесінің өкілі Хосе Мануэль Агуйрэ Крузбен рингке шықты.

Кездесу толық қазақстандық боксшының бақылауында өтті. Төрешілер жекпе-жек соңында Зейнуллиновтың айқын басымдығын бірауыздан тіркеп, есепті 5:0 деп шығарды.

Үшінші раундтың соңында Ертуғанның дәл соққысынан кейін рефери Крузға нокдаун санап, мексикалық боксшының жағдайы одан әрі қиындай түсті. Осылайша Ертуған Зейнуллинов ширек финалға жол ашты, ал оның қарсыласы әлем біріншілігін осы кезеңде аяқтады.

Зейнуллиновтың турнирдегі жолы

Бұл – Ертуған Зейноллиновтың Дубайдағы әлем чемпионатындағы екінші жеңісі. Бұған дейін алғашқы айналымда Моңғолия өкілі Даваадалай Алтангэрэлді де 5:0 есебімен ойсырата ұтқан.

Екі жекпе-жекте де қазақстандық боксшының айқын басымдығы, тактикалық тұрғыдан сауатты боксы және жұмыс қарқыны ерекше көзге түсті. Бұл нәтижелер Ертуғанның 63,5 келі салмақта жүлде үшін басты фавориттердің бірі екенін көрсетті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары