Бұл — оның 2025 жылғы алтыншы тексерісі.
Қазақстандық UFC файтері, жеңіл салмақта өнер көрсететін Бекзат Алмахан кезекті допинг-тесттен өтті.
UFC Drug Testing Watch әлеуметтік желідегі аккаунтының мәліметінше, Алмахан өткен аптада допинг-сынама тапсырған. Бұл — оның 2025 жылғы алтыншы тексерісі. Аталған аккаунт UFC ростеріндегі файтерлердің допинг-бақылауын тұрақты түрде қадағалап отырады.
Еске сала кетейік, «Тұран жауынгері» лақап атымен танылған Бекзат Алмахан соңғы жекпе-жегін 22 қарашада өткізді. Айқас Дохада (Қатар) өтіп, қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан шешімімен Александр Топурияға жол берді. Бұл жекпе-жек Бекзат Алмахан үшін 2025 жылғы екінші кездесу болды.
Айта кетейік, Александр Топурия — UFC чемпионы Илия Топурияның інісі.