Қуат Хамитов UFC жұлдыздары қатысатын турнирді жүргізеді
Жуырда ол Ереванда өтетін Hype FC турниріне арнайы шақырту алды.
NUR.KZ
Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов Армения астанасы Ереванда өтетін Hype FC турниріне арнайы шақырту алды. Hype FC турнирі 30 желтоқсанда Ереванда өтеді. Ресми анонсқа сәйкес, Қуат Хамитов кештің жүргізушісі міндетін атқарады.
Басты жекпе-жек: UFC файтерлері
Турнирдің басты айқасында UFC өкілдері кездеседі:
- жеңіл салмақтағы UFC рейтингінің көшбасшысы, армениялық Арман Царукян;
- дағыстандық орта салмақ файтері Шарабутдин «Шара Буллет» Магомедов.
Айқас бразилиялық джиу-джитсу ережесімен өтеді. Жеңімпаз 84 келіге дейінгі салмақтағы Hype BJJ чемпиондық белбеуін иеленеді.
Айта кетейік, Қуат Хамитов бұған дейін Мәскеуде өткен ACBJJ20 турнирінде Арман Царукянмен бір кардта өнер көрсеткен. Сол жарыста қазақстандық файтер UFC өкіліне ашық түрде шақыру тастаған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet