Топуриямен болған айқастан соң қазақстандық файтерді допингке тексерді

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл — оның 2025 жылғы алтыншы тексерісі.

Топуриямен болған айқастан соң қазақстандық файтерді допингке тексерді
NUR.KZ

Қазақстандық UFC файтері, жеңіл салмақта өнер көрсететін Бекзат Алмахан кезекті допинг-тесттен өтті. 

UFC Drug Testing Watch әлеуметтік желідегі аккаунтының мәліметінше, Алмахан өткен аптада допинг-сынама тапсырған. Бұл — оның 2025 жылғы алтыншы тексерісі. Аталған аккаунт UFC ростеріндегі файтерлердің допинг-бақылауын тұрақты түрде қадағалап отырады.

Соңғы жекпе-жек

Еске сала кетейік, «Тұран жауынгері» лақап атымен танылған Бекзат Алмахан соңғы жекпе-жегін 22 қарашада өткізді. Айқас Дохада (Қатар) өтіп, қазақстандық файтер төрешілердің бірауыздан шешімімен Александр Топурияға жол берді. Бұл жекпе-жек Бекзат Алмахан үшін 2025 жылғы екінші кездесу болды.

Айта кетейік, Александр Топурия — UFC чемпионы Илия Топурияның інісі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір