Данияр Елеусінов спаррингтен видео жариялады
26.12.2025, 17:00
Жартылай орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Instagram парақшасына спарринг сәтінен қысқа видео жүктеді. Ол қазір Астанада дайындығын жалғастырып жатыр.
instagram/@yeleussinovdaniyar
Астанадағы дайындық: «нағыз жекпе-жекке ең ұқсас қадам»
Елеусіновтің айтуынша, спарринг — бұл ең алдымен оқу-жаттығу үдерісі. Дегенмен дәл осы жұмыс рингтегі шынайы айқасқа ең жақын формат екенін атап өтті.
Боксшы жариялаған видеода оның жылдамдығы мен техникасы байқалады. Данияр спаррингті «тәжірибе жинайтын, қателікті түзейтін кезең» ретінде сипаттап, дәл осы сәттердің кейін рингте шешуші рөл ойнайтынын меңзеді.
Соңғы жекпе-жегі қашан өтті?
Данияр Елеусінов соңғы рет 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Вашингтонда жұдырықтасып, филиппиндік Джеймс Бейконды екінші раундта нокаутпен жеңген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама