Әлеуметтік желідегі Acute Boxing атты X-аккаунт 2025 жылы допинг-тесттен өте алмаған боксшылардың тізімін жариялап, оны «Boxing Hall of Shame» («Бокстағы ұят залы») деп атады.
Аталған жазбада қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлының есімі де көрсетілген. Парақша мәліметінше, боксшының допинг сынамасынан мельдонийге қатысты оң нәтиже тіркелген.
Сол тізімде 2025 жылы антидопинг ережесін бұзды делінген өзге спортшылар да аталды. Олардың қатарында:
Еске салайық, 7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) кубалық Эрисланди Ларамен (32-3-3, 19 КО) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда жоспарланған кездесу тоқтатылды.
Қазір Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы статусын сақтап отыр.