Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жұмағұлов титулдық жекпе-жек алдында қарсыласынан ауыр боп шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Чехия–Словакияның Oktagon MMA лигасында (жиі «Еуропаның UFC-і» деп аталады) чемпиондық белбеуді қорғауға дайындалып жатқан қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов ресми өлшеуде салмақ лимитіне сыя алмады.

Жұмағұлов титулдық жекпе-жек алдында қарсыласынан ауыр боп шықты
ria.ru

Өлшеу қорытындысы: 57,05 кг — лимит 56,7 кг

28 желтоқсанда Прагада (Чехия) өтетін турнирде Жалғас Жұмағұлов жергілікті файтер Давид Дворжакпен кездеседі. Бұл айқас ақтөбелік файтер үшін алғашқы титул қорғау болуы тиіс.

Жекпе-жек қарсаңында қарсыластар таразыға шыққан кезде Жұмағұловтың салмағы 57,05 кг болып тіркелді. Бұл жеңіл салмақтағы белгіленген шектен (56,7 кг) жоғары.

Ұйымдастырушылар мәліметінше, қазақстандық спортшыға артық салмақтан арылу үшін 2 сағат уақыт берілген.

Жұмағұлов белбеуді қашан алды?

Жалғас Oktagon MMA чемпионы атағын 2025 жылдың маусымында жеңіп алған. Ол кезде қазақстандық файтер грузиялық Бено Адамияны (12-9-2) төрешілердің бірауызды шешімімен ұтып, чемпиондыққа көтерілген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір