Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ислам Махачев Рахмоновтың болашағына баға берді

Сарапшы, спорт журналисі

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

Ислам Махачев Рахмоновтың болашағына баға берді
Коллаж

Дағыстандық файтер Ислам Махачев «Ушатайка» арнасына берген сұхбатында Шавкат Рахмоновтың ұзақ үзілістен кейін бірден чемпиондық жекпе-жекке шығуы екіталай екенін айтты.

Оның сөзінше, қазақстандық спортшы титулдық айқасқа үміткер болу үшін октагонда өзін қайта дәлелдеуі тиіс.

"Егер Шавкат қайта оралса, оған бірден белбеуге таласуға мүмкіндік береді деп ойламаймын. Әрине, титулдық жекпе-жекке шықса, қарсы емеспін. Бірақ ол бір жылдан астам уақыт бойы октагонға шыққан жоқ. Сондықтан чемпиондық айқас алдында тағы бір жеңіс қажет болуы мүмкін", — деді Махачев.

Сонымен қатар, Ислам Махачев өзінің ең қауіпті қарсыласы ретінде экс-чемпион Камару Усманды атады. Оның айтуынша, нигериялық файтердің тәжірибесі мен жекпе-жек стилі ерекше қауіп төндіреді.

"Усман — тәжірибелі файтер. Соңғы кездесуін көрдіңіздер. Бакли жас әрі әлеуеті жоғары спортшы еді, оған көпшілік сенім артты, бірақ Камару оны оңай жеңді", — деп атап өтті чемпион.

Махачев Усманды өзі үшін ең қолайсыз қарсылас деп санайтынын да жасырмады.

"Камару мен үшін ыңғайсыз қарсылас. Ол да күресе алады, соққысы да мықты. Стильдеріміз ұқсас, физикалық жағынан да өте күшті, тіпті кей тұста басым болуы мүмкін. Сондықтан бұл жекпе-жек өте тартысты өтеді", — деді ол.

Сондай-ақ, Ислам Махачев Иан Гарриге қатысты да пікір білдірді. Оның сөзінше, ирландиялық файтер танымал болуға тырысқанымен, Конор Макгрегордың деңгейіне жете алмайды.

"Гарри Конор бола алмайды. Қазір көпшілігі Макгрегорға ұқсағысы келеді, бірақ ондай харизма ешкімде жоқ", — деп түйіндеді Махачев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір