Реклама
Реклама

Геннадий Головкин Александр Усикпен кездесті

Сарапшы, спорт журналисі
27.12.2025, 18:00

Геннадий Головкин Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен бокс кешінде украиналық жұлдыз Александр Усикпен кездесіп, рингсайдта әңгімелесті. 

Instagram/@boxingkazakhstan

Әлеуметтік желідегі видео нені көрсетті?

Желіде жарияланған кадрларда Головкин мен Усик ринг маңында қатар отырып, бір нәрсені талқылап отырғаны байқалады. Ролик қысқа болғанымен қос чемпионның бір жерде бас қосуы жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті.

Эр-Риядтағы кештің басты айқасы қандай?

Эр-Риядтағы бокс кешінің хедлайнері ретінде жапониялық Наоя Иноуэ (31-0, 27 KO) мен мексикалық Давид Пикассо (32-0-1, 17 KO) айқасады. Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта абсолют чемпион атағы үшін өтпек.

Қазір бұл дивизиондағы барлық белбеу Иноуэнің қолында. Яғни ол Пикассоға қарсы кездесуде барлық титулын тәуекелге тігеді.

Наоя Иноуэ соңғы рет қыркүйекте рингке шығып, өзбекстандық Муроджон Ахмадалиевті (14-2, 11 KO) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Реклама
Реклама