Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әли Ахмедов WBA Asia белбеуі үшін айқаста күтпеген нәтижеге тап болды

Сарапшы, спорт журналисі
27.12.2025, 21:15

Алматыдағы кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері Әли Ахмедов (24-2, 17 KO) WBA тұжырымы бойынша титулдық жекпе-жек өткізді. 

instagram/@ali_akhmedov_officialpage
Реклама
Реклама

Қарсылас және салмақ дәрежесі

Ахмедов шаршы алаңда ганалық боксшы Делали Миледзимен (29-1-1, 22 KO) қолғап түйістірді. Кездесу жартылай ауыр салмақта ұйымдастырылып, 10 раундқа жоспарланды. Басты жүлде — бос тұрған WBA Asia чемпионы атағы еді.

Кездесуде Әли Ахмедов айқын фаворит саналды. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы бастаманы өз қолына алып, қарқынын түсірмей, қарсыласын бірнеше рет қысымға алды.

Алайда ең күтпеген тұс — Миледзидің барлық раундты толық өткізіп, соңғы гонгқа дейін шыдап тұруы болды. Соның салдарынан Ахмедов кездесуді ерте аяқтай алмай, жеңісті тек төрешілер шешімімен рәсімдеді.

Нәтижесінде төрешілер жеңісті бір ауыздан қабылданған шешіммен (UD) Цли Ахмедовке берді.

Ахмедов — 25-ші жеңіс, WBA белбеуі қолға тиді

Осылайша Әли Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 25-ші жеңісіне жетіп, WBA ұйымының екіншілік деңгейдегі WBA Asia белбеуін иеленді. Ал Делали Миледзи кәсіби рингтегі екінші жеңілісіне ұшырады.

Айта кетейік, бұл Ахмедов үшін 2025 жылғы төртінші жекпе-жек болды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары