Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағынан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:45

Бұл шешім туралы боксшының менеджері Жанпейс Назарғали мәлімдеді.

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (21-1, 11 KO) екінші жартылай жеңіл салмақта UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін босатты.

Бұл шешім туралы боксшының менеджері Жанпейс Назарғали мәлімдеді. Оның айтуынша, команда алдағы жоспарларды қайта қарап, титулды қорғаудан бас тартқан.

«Бекман UBO чемпионы атағынан бас тартты. Жоспарлар өзгерді, сондықтан титулды қорғау туралы шешім қабылданбады. Енді алға қарай қадам жасау керек. Қазір виза мәселесімен айналысып жатырмыз. Алда Рамазан айы — Бекман ораза ұстайды. Рингке, шамасы, жаздың басында оралады. Қазірдің өзінде жаңа қарсыласпен келіссөздер жүріп жатыр. Жоспарда — шетелде өтетін ірі титулдық жекпе-жек бар», — деді Назарғали.

Соңғы жекпе-жек

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Бекман Сойлыбаев бокс кешінің қосалқы басты жекпе-жегінде өзбекстандық Абдулло Кучкаровты (6-1-0) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Команданың мәлімдеуінше, Сойлыбаев Рамазан айынан кейін дайындықты жалғастырады. 2026 жылдың жаз басында рингке қайта оралуы мүмкін. Басты мақсат — шетелдегі ірі титул үшін айқас.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары