Бүгін, 28 желтоқсанда Прагада аралас жекпе-жектен OKTAGON 81, биылғы жылдың соңғы турнирі өтеді.
Ұйымдастырушылар бұл турнирді «еуропалық UFC» деп сипаттап, көрермендерге екі титулдық жекпе-жек ұсынбақ.
Қазақстандық ММА-ның танымал өкілі Жалғас Жұмағұлов (18-9) жеңіл салмақтағы чемпиондық белдігін алғаш рет қорғайды. Ол октагонда жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі, бұрын UFC-де өнер көрсеткен чехиялық файтер Давид Дворакпен (22-6) күш сынасады.
Жекпе-жек кеші Прагада ауыр салмақтағы басты айқаспен түйінделеді. Лиганың қазіргі чемпионы Уилл Флури (15-3) өз титулын екінші мәрте қорғауға шығады. Оның қарсыласы — тәжірибелі финишер, экс-UFC жауынгері Мартин Будай (16-2).
Алдын ала кардтағы кездесулер Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады деп жоспарланған. Негізгі кард шамамен 01:00-де басталса, Жалғас Жұмағұловтың жекпе-жегі 02:00 шамасында өтеді деп күтілуде.
Турнирді Sport+ Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.