Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Мен бос сөйлемеймін» — Жалғас Жұмагұлов сенсациядан кейін үн қатты

Сарапшы, спорт журналисі
29.12.2025, 17:39

Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмагұлов OKTAGON лигасының ең жеңіл салмақтағы чемпионы атағын алғаш рет қорғап, жанкүйерлерге алғысын айтты. Спортшы бұл жеңісті елмен, халықпен бірге келген ортақ қуаныш ретінде бағалады.

instagram/@zhumagulov_zhalgas
Реклама
Реклама

«Бұл — елдің, халықтың ортақ жеңісі»

Жұмагұлов әлеуметтік желідегі үндеуінде қолдағандарға да, қолдамағандарға да рахмет айтып, чемпиондық белбеуді қорғағанына ерекше қуанышты екенін жеткізді.

«Бұл — біздің ортақ жеңісіміз: еліміздің, халқымыздың жеңісі. Мені қолдағанның бәріне рахмет. Өте қуаныштымын. Белбеуді қорғап, көк туды көтергеніме қатты ризамын. Тағы бір рет дәлелдедім — мен бос сөйлейтін «балабол» емеспін. Қолдайтындарға да рахмет, қолдамайтындарға да рахмет. Бүгін біз жеңдік», — деді Жалғас.

«Қазақ 35-тен кейін ашылады» — Жұмагұловтың мотивациясы

Тәжірибелі файтер өз сөзінде жасына қатысты ой қозғап, 37-де мүлде басқа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Айтуынша, нәтиженің артында темірдей тәртіп пен қатаң режим тұр.

«Бұған дейін де айтқанмын: мен 37 жастамын, ал қазақ 35-тен кейін ашылады. Өздеріңіз көрдіңіздер — қандай деңгейдегі жауынгерге айналғанымды. Бұрынғыдан да қатты еңбектендім, тәртіпті бұрын-соңды болмағандай ұстадым. Екі ай қатаң диетаға отырдым. Оңға да, солға да бір қадам жоқ… Түзу жүрдім. Режим сақтадым. Нәтиже — міне», — деді чемпион.

Еске салайық, 2025 жылдың 28-інен 29 желтоқсанына қараған түні Жалғас Жұмагұлов Чехия астанасы Прагада өткен Oktagon 81 турнирінде жергілікті жанкүйерлер жақсы танитын чехиялық файтер Давид Дворжакты сенсациялық түрде мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары