Әлеуметтік желіде UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші тұрған Арман Царукян мен UFC-дің орта салмақтағы ресейлік файтері Шарабутдин Магомедов (Шара Буллет) грэпплинг кездесуі алдында көз арбасқан сәті түсірілген видео тарады.
Қос танымал ММА өкілі арасындағы грэпплинг-схватка 30 желтоқсанда Арменияда өтеді. Айқас HYPE FC промоушенінің грэпплинг шоуы аясында ұйымдастырылады.
Айқас алдында спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен де өткен:
Көз арбасу видеосы жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, алдағы кездесудің интригасын одан әрі күшейтті.