Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақ тайбоксшысы Ресей чемпионын нокаутпен жеңді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:32

Бақтияр Нариманов мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қазақстандық тайбоксшы Бақтияр Нариманов (3-0, 3 КО) Таиландтың Пхукет қаласында өткен жекпе-жекте 70 келіге дейінгі салмақта Bangla Boxing Stadium чемпионы атанды. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.

17 жастағы Нариманов титулдық кездесуде 22 жастағы ресейлік файтер Муслим Муртазалиевке (28-2) қарсы шығып, екінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

"Мен рингке кімге қарсы шығатынымды жақсы түсіндім. Муслим — Bangla Boxing стадионының жұлдызы әрі чемпионы. Екінші раундта ұпай бойынша алда келе жаттым, кейін бұрылып соққы жасап, бауырына дәл тигіздім — сол сәтте бәрі аяқталды. Нокаутпен жеңіп, Bangla-ның жаңа чемпионы атанғаныма өте қуаныштымын. Алдағы уақытта да Қазақстанның туын шетелде жоғары көтеру үшін аянбай еңбек етеміз", — деді Нариманов.

Бұл Бақтияр Наримановтың кәсіпқой мансабындағы үшінші мерзімінен бұрынғы жеңісі болды. Ол әлі күнге дейін жеңіліс көрмеген. Бұған дейін, 25 қарашада, қазақстандық спортшы тайлық Джонгсананлек (50-15) файтерін нокаутқа түсіріп, 66 келіге дейінгі салмақта International Champion белбеуін иеленген еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары