Реклама
Реклама

Қазақстандық файтер 26 жеңісі бар "Айдаһармен" жұдырықтаспақ

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:38

Жекпе-жек 7 наурыз күні Жапония астанасы Токиода өтеді. Қарсылас - тәжірибелі файтер Рюя Фукуда. 

Sportnews.kz

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық ММА шебері Қаршыға Дәуітбек келесі жекпе-жегінің күнін және қарсыласын білді. Отандасымыз Rizin Fighting Federation лигасы аясында айқас өткізеді. 

Жекпе-жек қашан және қайда өтеді?

Қаршыға Дәуітбек 7 наурыз күні Жапония астанасы Токиода өтетін Rizin 52 турнирінде октагонға шығады. Қазақстандық спортшының қарсыласы — жергілікті тәжірибелі файтер, Рюя Фукуда (26-9-1), жанкүйерлер арасында “Айдаһар” лақап атымен танымал.

Жекпе-жек 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді және үш раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Қаршыға Дәуітбек соңғы жекпе-жегін 31 желтоқсанда Сайтама қаласында жапониялық Юта Кубоға (5-2) қарсы өткізген болатын. Алайда бірінші раундта қарсыласының көзге тигізген соққысынан кейін қазақстандық файтер кездесуді жалғастыра алмады. Осы себепті жекпе-жек өтпеген деп танылған.

Қазіргі таңда Қаршыға Дәуітбек он жекпе-жектен тұратын жеңісті серияда келеді және 2019 жылдан бері жеңіліс көрмеген.

Оқи отырыңыздар: 

Айдос Медет қарсыласымен көз арбасты

Португалиялық футболшысы ойын кезінде көз жұмды

Әлемнің ең сұлу футболшысы клуб ауыстырды

Реклама
Реклама