Реклама
Реклама

Қазақ нокаутерының АҚШ-тағы жекпе-жегі сенсациямен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
24.01.2026, 11:55

Қазақстандық боксшы Айдос Медет кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізді. Осы жекпе-жек алды Айдос бірде бір қарсыластан жеңіліп көрмеген еді.

Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медет АҚШ-тағы екінші жекпе-жегін өткізді.

Жекпе-жек қалай аяқталды?

Ол Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында ұйымдастырылған бокс кешінде шаршы алаңға шығып, АҚШ-та тұратын армян боксшысы Азат Ованнисянмен жұдырықтасты. Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен айқас толық сегіз раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен армян спортшысының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Медет кәсіпқой карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады: оның еншісінде 13 жеңіс (оның тоғызы — нокаут) бар. Ал Ованнисян 22-ші жеңісіне қол жеткізді (17-сі — мерзімінен бұрын), жалпы рекордында алты жеңілісі де тіркелген.

Айта кетейік, Азат Ованнисян 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Рэй Варгаспен (36-1-1, 22 КО) жұдырықтасқан еді, алайда төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалған.

Реклама
Реклама