Реклама
Реклама

Қазақ боксшы титулдық жекпе-жегін жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
25.01.2026, 16:40

Осыдан бір апта бұрын рингке шыққан былғары қолғап шебері наурызда тағы айқас өткізбек. Қарсыластың кім екені әзірге белгісіз. 

Kun.uz

Өзбекстан атынан өнер көрсететін этникалық қазақ боксшы Руслан Абдуллаев алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы ол Sports.kz порталына берген сұхбатында айтты.

Кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген Руслан Абдуллаев келесі кездесуін наурыз айында өткізетінін мәлімдеді. Алайда қарсыласының есімі әзірге белгісіз.

"Келесі жекпе-жегім наурызда өтеді. Қарсыласым әзірге анықталған жоқ. Мен үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын және қыркүйек айында чемпиондық белбеу үшін таласуға ниеттімін. Тулкин Киличев айтқандай, мен жаңа король болуға тырысамын", — деді Абдуллаев.

Соңғы жекпе-жек

Еске салайық, Руслан Абдуллаев соңғы жекпе-жегін бір апта бұрын өткізді. Ол уругвайлық боксшы Эдуардо Хавьер Абреумен (14-2-2, 10 КО) кездесіп, қарсыласын бесінші раундта нокаутқа жіберді.

Аталған жеңіс нәтижесінде Абдуллаев бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental Gold чемпиондық белбеуін иеленді.

Оқи отырыңыздар: 

Александр Бублик Australian Open-де оңбай ұтылды

"Реал" мен "Баварияның" экс-жұлдыздары "Ақтөбеге" келуі мүмкін

Қазақстандық вундеркинд Испаниядағы турнирде топ жарды

Реклама
Реклама