Реклама
Реклама

37 жастағы Джастин Гейджи UFC уақытша чемпионы атанды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:38

Осылайша, Гейджи мансабында екінші рет UFC-дің уақытша чемпиондық белбеуін иеленді. Алғаш рет бұл атақты 2020 жылдың мамыр айында америкалық Тони Фергюсонды жеңу арқылы алған болатын.

mma.metaratings.ru

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Джастин Гейджи UFC 324 турнирінде британдық Пэдди Пимблеттен басым түсіп, жеңіл салмақтағы UFC-дің уақытша чемпионы атанды.

Жекпе-жек туралы

Айқас АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында өткен UFC 324 турнирінің басты оқиғасы болды. Жекпе-жек толық бес раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шешімімен Джастин Гейджидің жеңісі тіркелді.

Осылайша, 37 жастағы Гейджи мансабында екінші рет UFC-дің уақытша чемпиондық белбеуін иеленді. Ол алғаш рет бұл атақты 2020 жылдың мамыр айында америкалық Тони Фергюсонды жеңу арқылы алған болатын. Алайда кейін тұрақты чемпиондық титул үшін өткен жекпе-жекте Гейджи ресейлік Хабиб Нурмагомедовқа жол берді.

Жекпе-жек рекорды

  • Джастин Гейджи: 27 жеңіс, 5 жеңіліс
  • Пэдди Пимблетт: 23 жеңіс, 4 жеңіліс

Айта кетейік, 31 жастағы Пэдди Пимблетт UFC-дегі мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

Оқи отырыңыздар: 

Шон О’Мэлли мен Сонг Ядонг арасында алапат айқас өтті

Виктор Мозес қолтаңба таратты, трибуна аты-жөнін ұрандатты: эмоцияға толы таныстырылым

"Қайрат" Чемпиондар лигасының жеңімпазын таныстырды

Реклама
Реклама