Тартысты жекпе-жек бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті. Төрешілер жеңісті америкалық файтерге берді.
Америкалық файтер Шон О’Мэлли (19-3) мен қытайлық спортшы Сонг Ядонг (22-9) бүгін UFC 324 турнирі аясында жекпе-жек өткізді. Екі спортшы жеңіл салмақта (bantamweight) октагонға шықты. Бұл кездесу АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында өткен турнирдің басты оқиғасы мәртебесіне ие болды. Айқас үш раундқа жоспарланды.
Тартысты өткен айқаста Шон О’Мэлли қарсыласын төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді. Үш төреші де жеңісті 29-28 есебімен америкалық файтерге берді.
Айта кетейік, жекпе-жек өте тең дәрежеде өтті, ал толық бейнежазба турнирдің ресми платформаларында жарияланған.
Оқи отырыңыздар:
Бразилиялық чемпион "Қайрат" құрамын толтырды
Netflix Канело — Головкин трилогиясы туралы деректі фильм түсіреді