Бұған дейін олимпиада чемпионы Еркебұлан Тоқтар және поп-ММА өкілі Ануарбек "Мотиватор" Бекембетовпен бір күнде айқас өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді.
Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ММА файтері Қуат Хамитовтың мәлімдемесіне жауап беріп, ықтимал жекпе-жекке қатысты өткір пікір білдірді.
Қуат Хамитовтың Еркебұлан Тоқтарға айтқан сөздеріне танымал боксшы Instagram сторисінде үн қатты.
"Жақында мынадай сөз естідім: "Сен Даниярға ұпаймен ұтыласың, ал маған нокаутпен. Мен — нокаутшымын" дейді. Бірақ мен Қуат бауырымды басынан ұрып құлатпасам да, бауырынан ұрамын... бокста.
"Бауырға бір соққы — ешкім мәңгі емес"", — деп жазды Елеусінов.
Бұған дейін Қуат Хамитов Instagram желісінде Еркебұлан Тоқтарға үндеу жасап, әлеуметтік желілерде Данияр Елеусінов пен Тоқтар арасындағы сөз таласқа пікір білдірген болатын.
Жалпы, қазіргі таңда Қазақстанның Олимпиада чемпионы әлеуметтік желілерде белсенді пікірталас жүргізіп жүр. Оның оппоненттері қатарында Еркебұлан Тоқтар мен поп-ММА өкілі Ануарбек "Мотиватор" Бекембетов бар. Енді бұл тізімге Куат Хамитов та қосылды.