ҚПЛ 27-тур
Жарнама
Жарнама
Жалғас Жұмағұлов Асу Алмабаевтың орнына шыққысы келетінін мәлімдеді
Жалғас Жұмағұлов. Фото ашық дереккөзден

Жалғас Жұмағұлов Асу Алмабаевтың орнына шыққысы келетінін мәлімдеді

Бүгін таңертең Асу Алмабаевтың қолын жарақаттап алғанына байланысты Брэндон Мореноға қарсы жекпе-жек өтпейтіні мәлім болды.

Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов UFC Fight Night 268 турнирінің басты жекпе-жегінде мексикалық Брэндон Мореномен айқасуы тиіс Асу Алмабаевтың орнына шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Алмабаев пен UFC-дің бұрынғы чемпионы Морено 1 наурызда Мехикода (Мексика) жекпе-жек өткізуі керек болған, алайда Асу қолын сындырып алуына байланысты кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.

X әлеуметтік желісінде Жалғас бұл жекпе-жекті қабылдауға және осылайша әлемдегі ең мықты ММА лигасына қайта оралуға дайын екенін жазды:

"Егер ауыстыру керек болса, мен дайынмын. Тәжірибелі, тыңғылықты дайындалған және “ашпын”", — деп жазды "Жако".

Айта кетейік, қазіргі таңда Жалғас Жұмағұлов чех-словактық Oktagon MMA промоушенінде өнер көрсетіп жүр және наилегчай салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеудің иегері. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының өкілі UFC-пен қайта келісімшартқа отыруды қалайтынын бірнеше рет айтқан.

Жарнама
Жарнама