Асу Алмабаев жекпе-жекке неге шықпайтыны анықталды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА жауынгері келесі жекпе-жегін UFC ардагері Брэндон Мореномен өткізуі тиіс еді.

Асу Алмабаев жекпе-жекке неге шықпайтыны анықталды
Коллаж

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz-ке берген сұхбатында қазақстандық Асу Алмабаевтың (23-3) мексикалық Брэндон Мореномен (23-9-2) жекпе-жектен не себепті шеттетілгенін растады.

"Иә, жағымсыз жағдай болды. Спарринг өткіздік, сол кезде Асу қолын сындырып алды", – деді маман.

Айта кетейік, Алмабаев пен Морено 1 наурыз күні Мехикода (Мексика) өтетін UFC Fight Night 268 турнирінің басты жекпе-жегінде кездесуі тиіс еді.

Қазіргі таңда Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде жетінші орында тұр. Көпшілік оның екі дүркін бұрынғы чемпион Брэндон Мореноны жеңуі титулдық жекпе-жекке бір табан жақындатады деп күткен еді.

Оқи отырыңыз:

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір