Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жектен бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі

Себебі белгісіз. Әзірге файтердің командасы да, UFC басшылығы да үнсіз. 

Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жектен бас тартты
BAQ.KZ

Қазақстандық ММА файтері Асу Алмабаев UFC-дегі маңызды жекпе-жегіне қатыса алмайтын болды. Бұл туралы америкалық инсайдер Krazy Kevin және бірқатар өзге дереккөздер хабарлады. 

Жекпе-жек туралы

Асу Алмабаев 1 наурыз күні Мексиканың Мехико қаласында өтетін UFC Fight Night 268 турнирінің басты айқасында мексикалық файтер Брэндон Мореномен кездесуі тиіс еді.

Алайда бүгін Асу Алмабаевтың бұл жекпе-жектен шығып қалғаны жөнінде ақпарат тарады. Әзірге оның нақты себебі жарияланған жоқ. Асу Алмабаевтың командасы да, UFC басшылығы да бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Титулдық перспектива

Қазіргі уақытта Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұр. Сарапшылардың пікірінше, бұрынғы екі дүркін чемпион Брэндон Мореноға қарсы жеңіс қазақстандық файтерді титулдық жекпе-жекке бір табан жақындатуы мүмкін еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір