Елдос Сметов жаттығу залынан бейнежазба жариялады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов әлеуметтік желідегі парақшасында оқу-жаттығу жиынынан алынған әсерлі кадрларды көрсетті. 

Елдос Сметов жаттығу залынан бейнежазба жариялады (ВИДЕО)
instagram/@yeldos60kg

Дзюдошының айтуынша, екі аптаға созылған жиын оңайға соқпаған. Күн сайынғы жаттығу, еңбек пен тәртіп негізгі талапқа айналған. Чемпион бұл кезеңде командамен бірге көп нәрсе үйреніп, тәжірибе жинап, өз мүмкіндіктерін қайта сынағанын жеткізді.

Елдос Сметов бейнежазба астында жариялаған мәтінінде алдағы жоспардың ауқымды екенін де жасырмады.

"Біздің 2 апталық оқу-жаттығу жиынымыз өз мәресіне жетті. Бұл уақыт біз үшін оңай болған жоқ. Күн сайын жаттығу, күн сайын еңбек, күн сайын тәртіп. Осы жиында біз көп нәрсе үйрендік, тәжірибе жинадық, өзімізді сынадық.

Бұл — үлкен жолдағы бірінші қадамымыз. Біз сол қадамнан өттік деп сенімді айта аламыз. Алда әлі талай жұмыс бар, талай дайындық, талай сынақ күтіп тұр.

Бірақ біз тоқтамаймыз. Бұл тек бастамасы. Алға қойған мақсаттарымыз үлкен", — деді дзюдошы.

Айта кетейік, Сметовтің жаттығу залындағы видеосы жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, қолдау пікірлері көбейген. Көпшілік чемпионның қарқыны мен дайындығына жоғары баға беріп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір